4.2 Электр машиналары мен қондырғылары
Электр станциялары деп (ЭС) - электр энергиясын өндіретін қондығылар мен өндіріс орындарын айтады. ЭС-ң техникалық үрдісіне қарай келесілерге бөлуге болады [15]:
- жылу электр станциялары (ЖЭС, ЖЭО);
- атом электр станциялары (АЭС);
- су электр станциялары (СЭС);
- су аккумуляциялық электр станциялары (САЭС);
- су турбиндық электр станциялары (СТЭС).
Электр станцияларда өндірілген электр энергиясын алыс аралыққа жеткізу үшін қосалқы электр станциялар қолданылады. Мұндай қосалқы электр станциялардың негізгі жұмысы электр энергиясын күшейтіп, оны тұтынушыға жеткізу. Қазақстан мен ТМД елдерінде электр желісі арқылы жиілігі f=50Гц айнымалы тоқ қолданылады. Ал АҚШ-тың қолданатын жиілігі f=60 Гц. Үш фазалық тоқты қолдану желілер мен қондырғыларды, оның ішінде арзан, әрі қарапайым асинхрондық қозғалтқыштарды (1 фазалық тоқты қондырғыларға қарағанда) үнемді пайдалануға көп септігін тигізеді. Электр қондырғыларының негізгі параметрлері ретінде номиналдық кернеу параметрін қарастыруға болады. Қолданылатын трансформатор, желілер, электр энергиясын қабылдағыштар (қозғалтқыштар, электр шамдары және т.б.) мен генераторлар осы номиналды параметрлерге байланысты қалыпты жұмыс істейді. Номиналды параметрге сәйкес жасалған қондырғылар екі топқа бөлінеді: 1 кВ – қа дейін, 1 кВ – тан жоғары.
Әр түрлі электр қондырғыларын жобалау, іске қосу және қолдану үшін, белгілі сүлбелер мен сызбалар көптеп қолданылады, сондықтан негізгі шартты белгілерді білуіміз қажет. Олардың негізгілері: электр машиналары, генераторлар, статордың орамы немесе синхронды генератордың орамы, бір орамы өзгертілетін күшейткіш трансформатолар, дроссель, және т.б.